«Шаңырақ түйе» деген не?

«Шаңырақ түйе» деген не?

Бірде әдеби кітап оқып отырып, «шаңырақ түйе» деген тіркес кездестірген едім. Шамалауымша, бұл бір ескі дәстүрдің атауы болса керек...
Әнуар Көшербайұлы,
Ақтөбе қаласы

Қазақта түйе киелі жануар болып саналады. Сондықтан қазақы танымда түйеге қатысты наным-сенімдер, ырымдар мен салттар өте көп. Сондай дәстүрдің бірі – шаңырақ түйе. Қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, оны құтты орнына қондыруға тырысқан ата-бабаларымыз кезінде ұзатылып бара жатқан қызды және оның жанындағы шешесін, жеңгесін, сіңлісін тағы басқа жақын әйел адамдарды күйеу жігіттің ауылына аттандырғанда, «шаңырақ түйе» қосып беретін болған. Түйе жат босағаны аттайтын жас келін үшін ыстық, қасиетті мал болып саналады. Бұл түйеге жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді екен. Егер міне қалса, оны көрген жұрт «пәленше деген келіннің шаңырақ түйесіне мініп келіпті» деп келемеждеп, күлетін. Ертедегі салт бойынша көш басында жүретін түйеге үлкен шаңырақ артылатын болған. Оған адам мінбейді, атпен жетектейтін. «Шаңырақ түйе» деген ұғым осыдан шыққан екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста