Cайлау науқандары кезінде оны ұйымдастыру қалай іске асырылады?
Жәнібек, Алматы облысы
Саяси сайлау технологиялары – сайлау науқанын басқару және сайлаушылар таңдауына ықпал ету технологияларының жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі блоктары: науқанның стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын құру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері, үміткердің негізгі бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Науқанды жүргізу дегеніміз:
1) саяси хал-ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;
2) округтың электоралдық паспортын жасау (дауыс беру тарихын, негізгі аймақтық және әлеуметтік ерекшеліктерін, сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып);
3) науқанның негізгі мақсаттарын анықтау;
4) электораттың мақсаттық топтарын анықтау және оларға талдау жасау;
5) науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау:
6) сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, телефон, БАҚ, көшедегі жарнама, пикеттер ұйымдастыру, хат жіберу арқылы үгіт;
7) саяси жоспарлау – сайлау алдындағы белсенділіктің сызба-жоспарын құрастыру;
8) сайлау науқанының штабын құрып, бюджетін және т.б. жоспарлау.
Саяси сайлау технологиялары қалай жүргізіледі?
Последние статьи автора