Қазіргі кезде қыз балаларға Кәусар деген есімнің жиі қойылатынын естіп жүрміз. Бұдан бөлек тағы қандай есімдер сәнге айналып отыр?
Айнагүл ЖҰМАҒАЛИЕВА, Ақтөбе облысы
ҚР Статистика агенттігі мамандарының мәліметінше, бүгінде ер балаларға Ерасыл, Әлихан есімдері жиі қойылса, жаңа туған қыз балаларға көбіне Кәусар, Айару, Аяулым есімдері беріледі. Өткен қазан айында қыз балаларға Айару деген ныспы көп қойылған. Бұл есімді 168 нәресте иеленді. 114 сәбиге Кәусар, 100 сәбиге Інжу деп азан шақырылған. Шайқұярларға ең көп қойылатын есімдердің қатарына Аяулым, Аружан, Айзере, Диана, София, Әмина, Нұрай, Мәдина, Жанерке, Жансая, Сезім, Айша, Дария, Іңкәр сияқты адам аттары еніп отыр.
Қыз балаларға қай есім көп қойылып жүр?
Последние статьи автора