Қытайлардың Жаңа жылды ақпанның басында қарсы алатыны рас па? Олардың жаңажылдық мерекелерінің қандай ерекшеліктері бар?
Рауан Болатұлы, Қостанай қаласы
Кеше ақпанның 2-сінен 3-іне қараған түні Қытай елі өздерінде қалыптасқан дәстүрлі күнтізбе негізінде көктем мерекесі саналатын Жаңа жыл мейрамын қарсы алды. Қытайлықтардың дәстүрі бойынша Жаңа жылды қарсы алу кезінде ең маңыздысы – барлық отбасы мүшелерінің ортақ мерекелік үстелде бас қосуы. Олар бір-біріне ақ тілектерін арнап, сый-сияпат көрсетеді. Отбасылық жағдайда атап өтілген мерекенің жалғасы көпшілік думанға ұласады. Жаңа жыл көрігі әсіресе Қытайдың ауылдық аудандарында ерекше қыза түседі. Ауылдағы әрбір үлкен отбасында етпен және аскөкпен, ас шаянмен тұшпара түйіліп, басқа да ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтарға үлестіріледі. Тұшпараны түйіп, бір-екеуінің ішіне «бақыт бақыры» саналатын тиын салып пісіреді. Егер де қонақтардың бірі түйілген тұшпараның ішінен ақша тауып алса, онда ол өзін шын бақыттылар қатарына қоса алады. Сонымен қатар Аспан асты еліндегі жаңажылдық дастарқан мәзірінде міндетті түрде қытайша «юй» балығы болуы тиіс. Ол тоқшылықтың белгісі саналады. Сонымен бірге жабысқақ күрiштен «няньгао» тәттi бауырсағы пісіріледі. Осылайша қытайлықтар ұлттық мерекелерін бірнеше күн қатарынан тойлайды.
Қытайлар Жаңа жылды қарсы алды
Последние статьи автора