Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар қандай, жас ерекшелігіне қатысты шектеулер бар ма?
Назар СҰЛТАН, Алматы қаласы
ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 10-бабына сәйкес, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар мынадай:
1. Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына 25 жастан аспаған, орта және аға басшы құрам лауазымдарына 35 жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және мерзiмдi әскери қызмет өткерген азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейiнге қалдырылған азаматтар қабылданады.
2. Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады. Сондай-ақ орта басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.
Құқық қорғау органдарына кімдер қабылданады?
Последние статьи автора