Жаз мезгілінде киіз үйде тұрамыз. Кейде үйдің ішіне құмырсқалар қаптап, ыдыстардың, көрпелердің ішіне түсіп кетеді. Бұл жәндіктермен қалай күресуге болады?
Сара СМАҒҰЛОВА, Алматы облысы
Құмырсқаларға қарсы бураны пайдалануға болады. Ол үшін 50 г суға 5 г бура мен 50 г қант қосып араластырады. Бұл қоспаға бар болса, жарты шай қасық бал немесе тосап қосқан жөн. Осы қоспаны кішкене ыдыстарға құйып құмырсқа жүретін жерлерге қояды. Бұл препарат – улы. Сондықтан оны балалардан сақтау қажет. Құмырсқаға қарсы кәдімгі нан ашытқыны сумен қосып қою ботқа жасайды, оған аз ғана бал немесе тосап қосады да құмырсқаның илеуіне қояды. Құмырсқа нан немесе тамақ салынған ыдысқа түспеуі үшін, ыдыстың жиегін күнбағыс майымен майлап қою керек. Құмырсқа күнбағыс майына жоламайды.