Қосымша жұмыс штатқа кіре ме?
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім ережесінде докторантурада дәріс беру үшін «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндіру пәндері циклдері бойынша штаттағы профессор-оқытушылар құрамның 50 пайызы, оның ішінде, кем дегенде, үш ғылым докторы болуы тиіс» делінген. Профессор-оқытушылар құрамы қосымша жұмыс істеушілерден жасақталса бола ма? Қосымша жұмыс штатқа кіре ме?
Тұрлыбек СӘТТІБЕКОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы маманның мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 196-бабына сәйкес, қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті. «Штат» деген термин мекеме қызметкерлерінің тұрақты құрамы деген ұғымды білдіреді. Егер қызметкердің қоса атқаратын лауазымы штатта (бос) болса, ол штатқа енгізілуі мүмкін. Ал егер де жұмысты қоса атқаратын қызметкер мекемеде бекітілген штаттан тыс лауазымды атқарар болса, ол штатқа кірмейді.