Қосымша жұмыс атқаруыма бола ма?

Қосымша жұмыс атқаруыма бола ма?

Мен 0,5 бірлікпен қосымша жұмыс атқарсам деп едім. Қосымша жұмыс атқару заңды болып санала ма?
Дәркембай СЕЙІЛҒАЗЫҰЛЫ,
Талдықорған
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, қоса атқарылатын жұмыс деп қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетiн басқа жұмысты орындауды атай­ды. Кодекстің 196-бабына сәйкес, қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған негізгі жұмыс берушiмен, сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушi­мен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. Қоса атқаратын жұ­мыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса ат­қа­ру жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi. 197-бапқа сәйкес, қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негiзгi жұмыс орны бойын­ша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi. 198-бапқа  сәйкес, негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұ­мысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан аспауға тиiс. 199-бапқа сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойын­ша демалыспен қатар берiледi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста