Мен мектепте есепші болып қызмет атқарамын. Қазір аудандық әкімнің қаулысымен мектеп жанынан шағын орталық құрылып жатыр. Орталық жұмысын жүргізу мектеп директорына жүктелген. Осы орайда менің білгім келгені, мектеп директорына қосымша үстемақы төленуі керек пе?
Райгүл АЙТҚАЗИНА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.
Қаулының 19-қосымшасында мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазымдық жалақысынан 50 %-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленген.
Көрсетілген қосымша ақы мекемелердің басшыларына, олардың орынбасарларына қолданылмайды.
Қосымша үстемақы төлене ме?
Последние статьи автора