Қазақ даласында қылқобыздың құлағында ойнаған Қорқыт бабамыз жөнінде аңыз көп. Оның қасиетті қобызы қандай ағаштан жасалды екен?
Гүлфайрус МЫҚТЫБЕКОВА, Алматы
Қасиетті қара қобызды қара ағаштан, қарағайдан, еменнен де жасауға болады. Қорқыт бабамыз Сыр бойында ғұмыр кешкен. Осы өңірде ұлттық саз аспаптарын жасауға жиде ағашы жиі пайдаланылады. Бұл жөнінде қазақтың белгілі қолөнер шеберлерінің бірі Мұхтар Наурызбаев: «Қызылорда облысында көбіне музыкалық аспапқа жиде ағашы қолданылады. Оның дыбысы да жақсы шығады. Қорқыттың мұңлы зары жиде ағашынан жасалған қобыздан шыққан деп батыл айтуға болады», – дейді.
Қорқыт қобызы жиде ағашынан жасалған ба?
Последние статьи автора