Қоянжырықтың құпиясы неде?
Мен жас анамын. Жуырда ұл бала босандым. Шүкір, сәбиімнің дені сау. Бірақ бір кемшілігі – нәрестемнің ерні жырық болып туылды. Менің сұрайын дегенім, қоянжырық қауіпті ауру түріне жата ма? Оны емдеуге бола ма?
Майра САДЫҚОВА, Алматы қаласы
Жалпы, ел арасында ерні қоянжырық болып туылған балаға қатысты жақсы ырымдар бар. Соның бірі – мұндай балалар болашақта өте дарынды болады деген сөз қалыптасқан. Ал дәрігерлердің пікіріне сүйенетін болсақ, қоянжырық – туа біткен кемшілік. Ол үстіңгі ерінді бір жерінен немесе екі жерінен бөліп тұрады. Көбіне мұндай кемшілікке дәрігерлер баланың алғашқы айында операция жасауды ұсынады. Қазіргі медицинада қоянжырықты баланың сан етінен ет кесіп, тері жапсырып емдеу тәжірибесі қалыптасқан.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу