Қоғамдық бірлестікті қалай құру керек? Жалпы, заң бойынша, мұндай бірлестіктердің жұмысы қандай жағдайда шектетіледі?
Жаннұр Санат, Солтүстік Қазақстан облысы
Қоғамдық бірлестік құру үшін ең кем дегенде кәмелетке толған 10 азамат ерік білдіруі қажет. Қоғамдық бірлестіктерді құру туралы шешім съезде, конференцияда немесе жалпы жиналыста қабылданып, жарғысы жасалады. Сосын әділет органдарында тіркелуі міндетті. ҚР Конституциясының 5-бабына сәйкес, мақсаты немесе іс-әрекеті ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Мемлекет олардың ішкі жұмысына заңсыз араласпайды. Десек те, қоғамдық бірлестіктер заңға қарсы іс-әрекеттер жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?
Последние статьи автора