Қасты жұлуға шариғат рұқсат бере ме?

Қасты жұлуға шариғат рұқсат бере ме?

Мен қасымды жіңішкелеп жұлып, сыздыртып тастасам деп едім. Ол 5-6 жылға дейін кетпейді екен. Бұл іске шариғат рұқсат бере ме?
Айжан,
Алматы қаласы
Жоқ. Шариғат бойынша қас, кірпікті жұлуға болмайды. Негізі шариғат бойынша адам баласына қас жұлуға тиым салынған. Өйткені шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Алла Елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады», - деген.
Десе де, «хадистегі «қас жұлмандар» деген сөз - қасты түгелімен жұлуды айтуда. Ал түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі», - дейтін ғалымдар да жоқ емес.
Бірақ бұл ретте бір нәрсені ерекше ескеруіміз керек. Егер күйеуі әйеліне «қасыңды жұлмайсың ба?» деп айтатын болса, әйел адам оның разылығы үшін қас жұлуына рұқсат. Өйткені әйелдер күйеуінің алдында әдемі болып жүруі өте қажет. «Күйеуі бар әйелге, ерінің рұқсатымен қасын жұлуына болады» дейді ғұламалардың көпшілігі. Өйткені бұл да әдеміленудің бір түрі. Әйел өзінің ері үшін әдеміленуіне болады. Ендеше отағасының өтініші бойынша қасты ретке келтіру күнә емес. Бірақ бұл жерде ниет: көпшілікке емес, жарыңызға әдемі көріну болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста