Елбасымыз Н.Назарбаевтың туған жеріндегі Қаскелең қаласында орналасқан өлкетану мұражайы қашан ашылған?
Салтанат, студент
Бұл сауалдың жауабын Алматы облысы, Қарасай ауданының тарихи-өлкетану мұражайының директоры Мария Мұсатайқызынан алдық:
Қарасай ауданының тарихи-өлкетану мұражайының тарихы арыдан басталады. Мұражай орналасқан ғимарат, негізінен, 1898 жылы шіркеуге қарасты христиан дінін тереңдетіп оқытатын мектеп ретінде салынған. Кеңес өкіметі тұсында бұл жер қосымша жабдықталып, кәдімгі мектепке айналып, ішінен біраз сынып ашылған. 1997 жылға дейін бұл мектеп Абай атымен аталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев – осы білім шаңырағының түлегі. Кейін бұл мектеп мұражайға айналды. Оның негізі Қаскелең қаласында 1999 жылдың 30 тамызында қаланды. Мұнда түрлі топтағы адамдарға арналған экскурсиялар ұйымдастырылып, ғылыми-танымдық негіздегі басқосулар, белгілі ел азаматтарымен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Қазіргі кезде музейдің экспозициялар залы өз кезегінде жаңартылып тұрады. Бұл мұражайда арнайы Президент залы жұмыс істейді. Бүгінде республикамыздың барлық аймағында Елбасымыздың өмірі мен қызметіне арналған мұражайлар жетерлік. Әйтсе де Тұңғыш Президентіміздің туған жеріндегі өлкетану мұражайының алар орны ерекше.
Қаскелеңдегі мұражай қашан ашылған?
Последние статьи автора