Үнді қыздары маңдайына неге дөңгелентіп қызыл бояу жағады? Ол ненің белгісі?
Аңсар ҚАЙРАНБАЕВ, Талдықорған қаласы
Маңдайдағы дөңгелек әшекей «бинди» деп аталады. Үнділердің үйлену тойында бинди тағуы, олардың сенімінде бұл әшекей – қосылған қос жүректің символы. Сондықтан жас жұбайларға бақыт алып келеді деп саналады. Ал ең бастысы маңдайдағы қызыл нүкте «үшінші көз» рөлін атқарады, яғни адамның ақыл-ойы, біздің шынайы өміріміз бен басқа әлемдер арасындағы байланысқа меңзейді. Сондай-ақ бинди иесін бақытсыздық пен ауру-сырқаудан сақтайды деп есептелінеді. Бұрын тек әйелдердің ғана емес, ерлердің де маңдайына нүкте салынған. Ол кезде сандалдың майы мен күлінен бояу жасап, маңдайға сол жағылатын. Ал қазір олардың орнын заманауи әшекейлер басты. Ол сондай-ақ сәнге де айналып үлгерді.
Қақ маңдайдағы қызыл нүкте ненің белгісі?
Последние статьи автора