Қант диабетімен сырқаттанған науқастарға бал жеуге бола ма?
Қант диабеті ауруының белгілері қандай? Бұл аурумен сырқаттанған науқастарға бал жеуге бола ма?
Кенжегүл, Шығыс Қазақстан облысы
Дәрігер мамандардың айтуына қарағанда, қант диабеті – ұйқы безі қызметінің бұзылуы, инсулин гормонның жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
Қант диабетінің пайда болуының ең басты себептерінің бірі – қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сондай-ақ артық тамақ ішіп, дене еңбегімен шұғылданбай, семіздікке бой алдыру да – қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі.
Сонымен қатар қант диабеті тұқым қуалаушылықтың әсерінен де пайда болады. Балалар арасында қант диабетінің өте көп таралуының бір себебі осында жатыр. Бұл аурудың таралуына экологияның да қосар үлесі аз емес.
Қант диабетінің басты белгілері:
• ауыз қуысы құрғап, суға деген құмарлығы артады;
• кіші дәретке жиі шығады;
• жұмыс істеу қабілеті төмендейді,тамаққа тәбеті артады;
• қан айналымының бұзылуынан жиі-жиі басы аурады;
• жүрек қағуы жиілеп, қан қысымы тұрақсызданады;
• аяқтың башайлары, қолдың саусақтары ұйыйды;
• ұйқы бұзылады, көздің алдында қара дақтар көлбеңдейді,тез шаршайды;
• аяқ, қол терілері қышиды.
Дәрігердің нұсқауы бойынша екі-үш қасық бал жеуге болады.