Биыл «Жер сағаты» шарасы қай күні өтеді? Еліміздің қанша қаласында жарық жаппай өшірілетін болады?
Азамат Зейнуллин, Алматы облысы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мамандарының мәліметінше, Қазақстанда «Жер сағаты» шарасы наурыздың 31-і күні сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін болады. Жергілікті тұрғындар осы бір сағат ішінде электр жарығын өшіріп, символды түрде еліміз бен ғаламның табиғатына деген жанашырлық танытуы тиіс. «Жер сағаты» шарасы Орталық Азияда тұңғыш рет Қазақстанда осымен төртінші жыл аталып өтеді. Жабайы табиғат бүкіләлемдік қорының бастамасын қазақстандықтар қызу қолдап келеді. Биыл шараға еліміздің 60-тан астам қаласы және 9 млн-нан астам қазақстандық қатысады деп күтілуде.
Қанша қалада жарық бір сағатқа сөнеді?
Последние статьи автора