Қандай жағдайда Мәжілісті таратуға болмайды?

Қандай жағдайда Мәжілісті таратуға болмайды?

Кеше Парламент Мәжілісінің 53 депутаты Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы Президент атына үндеу жолдады. Менің білгім келетіні, қандай жағдайда Парламентті, Мәжілісті таратуға болмайды?
Әскербек НҰРАЙДАР,
Алматы
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы №2529 Конституциялық Заңының 36-бабы Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату процедурасы көрсетілген. Бұл бап бойын­ша: 1. Республика Президенті Парламент пала­талары төрағаларымен және Премьер-министр­мен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 3. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің Консти­ту­циялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қыз­метін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайлан­ғанға дейін Сенат атқарады. Мұндай жағдайда Сенаттың Конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртібі Сенат регламентінде айқындалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста