Сенат сайлауында дауыс беруді санау кезінде қандай бюллетеньдер жарамсыз болып танылады? Бюллетеньдердің жарамдылығына келіспеушілік қалай шешіледі?
Сұңқар Айдарұлы, Алматы
Мынадай бюллетеньдер:
1) белгiленбеген үлгiдегi;
2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;
3) бiр кандидаттан артық белгiленген;
4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ таңдаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады. Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.
Бюллетеньдердің жарамдылығына қатысты келiспеушiлiк туындаған кезде мәселенi сайлау комиссиясы дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте, шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамының даусымен қабылданады.
Қандай жағдайда бюллетеньдер жарамсыз болып танылады?
Последние статьи автора