Мен ұйықтаған кезде шыңырауға құлап бара жатқандай болып қорыққан сезімнен селк етіп, шошып оянамын. Осындай жайт жиі қайталанады. Осының сыры неде?
Гүлмира ЖАҢАБЕРГЕНОВА, Ақтөбе қаласы
Әдетте балалар ұйқыдан селк етіп оянып кеткенде ересектер «бұл оның денесінің, бұлшық етінің жетіліп жатқаны» дейді. Бірақ белгілі биоэнерготерапевт, дәстүрлі медицинаның өкілі Гүлбану Тоқмейілованың пікірі басқа. Оның пайымдауынша, қалғып кетіп, қас қағым сәтте шошып ояну адамның ішкі күйзелістерімен байланысты. Мұндай құбылыс әлденеден қауіптеніп, не қатты қорыққан, мазасы кеткен адамның басында жиі қайталанады. Жүрек пен жүйкеге түскен күш дене әлсіреп, ұйқыға кеткен кезде осылай әсерін байқатады екен. Биоэнергиямен емдеу медицинасы маманының айтуынша, ұйқыда жатып қатты селк етіп шошыну таяу арада болатын келеңсіз құбылыстардан да хабар береді.
Қалғып кеткен кезде селк ету неден болады?
Последние статьи автора