Әлемнің әр елінде қала мәртебесін алу үшін онда қанша тұрғын болуы шарт? Қазақстанда қала деп қанша халқы бар елді мекенді айтады? Және елімізде қанша қала бар?
Дана ӘМІР, Қызылорда
БҰҰ тұрғындар саны 20 мыңға жетсе, «қала» деп санау жөнінде ұсыныс жасаған. Алайда ақиқат басқа. Мәселен, Ресейде 12 мың халқы болса және оның 85 пайыздан кем емес бөлігі ауыл шаруашылығынан басқа қызметпен айналысса қала статусын береді. Жалпы, посткеңестік елдерде қала мәртебесін беру межесі былай өрбиді:
– 10 мың тұрғын – Украина, Өзбекстан, Молдовия, Қырғызстан;
– 8 мың тұрғын – Қазақстан, Армения, Түрікменстан, Латвия, Эстония;
– 6 мың тұрғын – Белоруссия;
– 5 мың тұрғын – Грузия, Әзірбайжан.
Бір қызығы, батыстық елдердің қала статусын беруі оңайырақ екен, айталық, Данияда 250 тұрғыны бар мекен қала атала берсе, АҚШ-та 2,5 мың, ал Грекияда қала деп атау үшін 10 мың тұрғын жеткілікті.
«Үлкен қала» деп тұрғындар саны 100 мыңнан асқан мекенді айтса, 250 мыңнан аса тұрғыны бар қала «ірі» саналады, миллионнан асқан тұрғыны бар қала мегаполис саналады. Қазақстанда мегаполис мәртебесіне ие бір қала болса, ол – Алматы, ал елордамыз Астана – субмиллионер қала. Жалпы, елімізде тұрғындар саны 50 мыңнан асып жығылатын 28 қала бар.
Қала мәртебесіне ие болу үшін қанша тұрғын қажет?
Последние статьи автора