Пойыз апатқа ұшыраған жағдайда не істеу керек?

Жолаушылар пойызының ең қауіпсіз вагондары қандай? Теміржол көлігі апатқа тап бола қалған жағдайда қалай қимылдау керек?
Нұрлан,
Астана
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ма­ман­дарының мәліметінше, жолаушылар пойызының мейлінше қауіпсіз вагондары – орталық құрамдар. Сондай-ақ апатты жағ­дайларға арналған шығу терезелері бар басқа да вагондарда қауіп аз. Пойызда қауіпсіздік сақталуы үшін терезеден бас шығармау, жүк сөмкелерін берік етіп орна­ластыру, тез өртенетін заттарды ұстамау, белгіленбеген жерде шылым шекпеу сияқты ережелерді естен шығармаған абзал. Бұған қоса, пойыздың рельстен шығуы, оқыс тоқтауы сияқты апатты жағдайға тап болған кезде, қабырғадан құлап қалмайтындай етіп ұстау керек. Ең дұрысы, еденге отыра қал­ған жөн. Ал апаттан соң есікке немесе тере­зеге дереу ұмтылып, тысқа шығудың амалын қарастыру қажет. Терезені қатты нәрсемен ғана сындырып, әйнек сынық­тарының көзге тиіп кетпеуін ойлау керек. Өрт шыға қалған кезде, шыққан есіктерді жаба жүріп, пойыз­дың жалын тимеген жағына қарай ауысқан дұрыс. Мүмкіндік болса, от құшағында қалған өзге жолаушыларға қол ұшын берген жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста