Патент туралы заң ең алғаш қай елде пайда болған?
«Патент» ұғымы қай заманда пайда болған? Өнертабысқа авторлық құқық беретін құжаттар мен заңдар ең алғаш қай мемлекетте қабылданған?
Әйгерім Төлеубаева, Ақтөбе қаласы
Қазіргі заманғы ұғымдағы патент ең алғаш 1474 жылы Венеция Республикасында пайда болды. Билік кімде-кім қандай да бір өнертабыс ойлап шығаратын болса, оны жергілікті басшыларға хабарлау керектігі туралы арнайы жарлық шығарды. Бұл жарлық ойлап шығарылған дүниені екінші бір адамның заңсыз иемденіп кетуіне жол бермеуді көздеген. Венецияда сол кезеңнің өзінде дәл қазіргідей патент мерзімі 10 жыл деп белгіленіпті. Бұдан кейін 1623 жылы Англияда патентке қатысты «Монополия туралы статут» атты заңнама қабылданды. АҚШ-та 1790 жылы жарияланған патент туралы заң да бұл ұғым жөніндегі алғашқы құжаттардың бірі саналады.