Менің білгім келгені, еліміздегі қазақ тілді мектептердің саны қанша? Орыс тілді мектептер ше? Аралас мектептер нешеу? Жылына қанша түлек қазақ тілінде ҰБТ тапсырады? Орыс мектебінде оқитын балалар неге қазақ тілін жетік меңгермейді?
Айсұлу, Ақтау қаласы
Бұл сұраққа Abai.kz сайтында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мырза былай деп жауап берген:
– Жалпы елімізде 7307 мектеп бар. Оның ішінде қазақ тілді мектеп – 3796, орыс тілді мектеп – 1349, ал аралас мектептер саны – 2090-ды құрайды. Ал қалған 72 мектеп басқа тілдерде білім береді. Орта есеппен жыл сайын 130 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Оның 90 мыңға жуығы ҰБТ тапсырады және оның ішіндегі 60 мыңға жуығы қазақ тілінде білім алғандар.
Орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін жақсы меңгеруі үшін қазіргі уақытта деңгейлеп оқыту стандартын, олардың оқулықтарын әзірлеу жұмыстары қолға алынып жатыр. Жалпы тілді меңгеру әр азаматтың жүріп тұрған ортасына және өзінің ерік-жігеріне байланысты. Қазақ тілін үйретуге қоғам болып атсалысу қажет.
Орыс мектебінде оқитын балалар неге қазақ тілін жетік меңгермейді?
Последние статьи автора