Өрмекші жайлы не білесіз?

Күн жылыған кезде далада, саяжайда, үйде өрмекшілер пайда болады. Осы орайда менің білгім келгені, олардан адамға қауіп бар ма және өрмекші шаққанда не істеу керек?
Дастан ЕГЕУБАЕВ,
Алматы облысы
Бұл сауалға мамандар төмендегідей жауап береді:
Әлімжан ҚҰРБАНОВ, ҚР ДСМ МСЭҚК «Алматы қаласының дезинфекция стансысы» РМҚК директоры:
– Өрмекші қарақұрт отрядына жатады. Уы активті. Өрмекші шаққанда улану симптомдары: күйдіріп ауыртады, аяқ тартылады. Ауруы бүкіл денеге тарап, адамның басы ауырады, ентігіп, жүрегі жиі соғады, тілі күрмеледі, құсады. Кей жағдайда жапа шеккен адам сандырақтайды, есінен танып, тіпті өліп кетуі мүмкін.

Алайда мамандар «барлық жәндіктердің уы қауіпті бола бермейді, дегенмен сақтанған жөн» дейді.
Қажығали ҚАРДАСИНОВ, дезинфекция стансысы маманы:
– Барлық жәндіктер улары белсенді (активті) және енжар (пассивті) болып екі топқа бөлінеді. Улы деп денесінде үнемі немесе уақытша уы бар, шаққан кезде жануарлар мен адамның мүшеле­рінің қызметін бұзатын, кейде өлімге әкелетін жән­діктерді айтады. Өрмекшілердің арасында да уы белсенділері кездеседі. Сондықтан да абай бол­ған абзал.

Абайсызда өрмекші шаққан кезде не істеу керектігі жайлы мамандар былай дейді:
Анастасия МАТВЕЕВА, дезинфекция стансысы маманы:
– Уды сорып тастап, шаққан жерін сіріңкемен күй­діру; жәндіктің уына қарсы сарысуды енгізу; шаққан жерді дезинфекциялық ерітіндімен сүр­тіп, науқасты тынықтыру керек. Жәндік шаққанда сұйық­тықты көп ішу қажет.

Сондай-ақ мамандар жәндіктердің шағуынан сақтану үшін үй ішін, киім-кешекті, төсек-орынды тексеріп отыру керектігін айтады. Жаз мезгілінде далада түнеген кезде арнаулы киім киіп немесе жәндік келе алмайтындай қорғаныш амалдарын жасау керектігін ескертеді. «Далаға түнегенде жер­ге жатпай, тапшан немесе сол сияқты жерге жату керек» дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста