Оразалы қайда оқыған?

Қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдызына айналған ақын Оразалы Досбосынов қай жерде оқыған және қандай қызметтер атқарған?
Ғабит ҚАМЫСБЕК,
Ақтөбе
Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Ал­маты облысы Райымбек ауданы (бұрынғы На­рын­қол ауданы) Тегістік ауылында туған. Мектебін тамамдаған соң ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істеген. Оқушы кезінен айтыстар мен түрлі мәдени ша­раларға қатысып жүрген ол айрықша талантымен ерте көзге түсті. Кейін Алматыға келіп, Абай атын­да­ғы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінде оқыды. Үлкен өнер ор­да­сында жүріп Оразалы республикалық айтыстарға қатысып, айтыссүйер қауымның жоғары бағасын алды. Біраз жыл Қазақ ұлттық университетінде мә­дени-ағартушылық саласында еңбек ете жүріп, бір­қатар ізбасар шәкірттерін тәрбиеледі. Ол, негізінен, еркін шығармашылықпен айналысқан. Ешқандай ресми атақсыз-ақ аз уақыт ішінде ол халықтың ақы­нына айналды. Ірі айтыстарда талай рет топ жарған Оразалы көршілес Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өз­бек­стан мемлекеттерінде өткен додаларда да орақ тілімен кесімді сөз айтып, қазақтың атын ас­қақ­татты. Оразалы Досбосынов 2004 жылдың 30 қарашасында жол-көлік апатынан қаза тапты. Марқұмның денесі Алматы маңындағы Тұздыбастау қорымында жерленген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста