Қазақ ән өнері шеберлерінің бірі Қаламқас Орашева жайында білгім келеді.
Әйгерім Мұсақызы, Батыс Қазақстан облысы
Қаламқас Орашева 1953 жылы Орал облысы Ақжайық өңірінде дүниеге келген. Жастайынан батырлар жырын жатқа айтқан. Сегізінші сыныпқа дейін өзінің туған ауылы Алғабаста, одан кейін Орал қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. 1972 жылы мектеп бітіріп, Алматыдағы эстрада-цирк студиясына оқуға түскен. Жүсіпбек Елебеков пен Ғарифолла Құрманғалиевтің сыныбында тәлім алған. Қос тұлғаның сүйікті шәкірттерінің бірі болған. Әсіресе Ғ.Құрманғалиев әншінің талантын жоғары бағалаған.
«Қазақконцерт» бірлестігінде, Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияда қызмет атқарған. Түркия, Италия, Франция, Вьетнам, Үндістан мемлекеттерінде гастрольдік сапарларда болған. Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэмасын орындау арқылы ел арасында Нарқыз атанып кеткен. Өнер әлемінен өзіндік орнын алған Қаламқас Орашева бар болғаны 35 жасында дүниеден озған. Айтулы өнер иесінің туғанына биыл 60 жыл толды.
Оның талантын Ғарифолла жоғары бағалаған
Последние статьи автора