Әлем бойынша өлім жазасын қай елдер көп қолданады? Еуропа елдерінде өлім жазасы бар ма?
Ерік, Алматы облысы
«Халықаралық амнистия» ұйымының хабарлауынша, былтыр әлемнің 21 елінде 682 адам өлім жазасына кесілген. Ұйым мәліметтері бойынша 2012 жылы өлім жазасын көп жүзеге асырған елдер қатарында Қытай, Иран, Ирак, Сауд Арабиясы мен АҚШ тұр. Жалпы, әлем бойынша өлім жазасына кесу көрсеткіші төмендеп келеді. Былтыр өлім жазасын алып тастаған мемлекеттер саны 97-ге жеткен екен. Ал Белоруссия Еуропадағы өлім жазасына мораторий жарияламаған бірден-бір ел болып қалып отыр. Онда былтыр кем дегенде үш адамға қатысты өлім жазасы орындалған.
Өлім жазасынан бас тартпаған елдер бар ма?
Последние статьи автора