Жер бетінің ең суық тұсы қай аймақ? Жалпы, Жер шарындағы ең төменгі температура қандай?
Сәкен ҚАЗЫБАЕВ, Алматы қаласы
Қазіргі география ғылымы Жердің ең суық нүктесі деп Антарктиданы айтады. 1983 жылдың 21 шілдесінде мұнда ғаламшардағы ауаның ең төменгі температурасы тіркелді – метеорология тарихында тұңғыш рет сынап бағанасы нөлден 89,2 градусқа төмендеген. Ал тұрғындары бар өңірлерге келсек, ғалымдар арасында ең суық елді мекенге қатысты екі түрлі пікір бар. Бірі 1892 жылғы дерек негізінде (-67,8°C) Саха елінің Верхоянск қаласын айтса, енді бірі академик Сергей Обручевтің бейресми мәліметіне сүйенеді. Обручев 1924 жылы Оймякон селосында -71,2°C аяз болғанын есепке алған. Саха халқы Өймөкөөн деп атайтын бұл елді мекенде 520-дан астам адам тұрады. Гренландия аралын да географтар Жер бетінің ең суық аймақтары қатарына жатқызады. Аумағының 81 %-ын мұз басып жатқан аралда ауа температурасы қыста 70 градусқа дейін төмен болады.
Өймөкөөн – әлемдегі ең суық елді мекен
Последние статьи автора