Наурыз мерекесі барша түбі бір түркі халықтарына ортақ мереке екенін білеміз. Жыл басы ретінде тойланатын Наурыз басқа елдерде қалай аталады?
Гүлжан СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ, Орал қаласы
Ежелгі түркі халықтарының түсінігінде Наурыз – тіршіліктің бастауы. Табиғат оянып, Жер-Ана бусанған шақты ата-бабаларымыз жыл басы деп қабылдаған. Жаңа жылды қарсы алып, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы заманнан бері орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректар «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүл наурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдылықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Бұл көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Баяхи, Омар Хайям еңбектері арқылы жетіп отыр. Христиан дінін қабылдағанға дейін ежелгі Русьте Жаңа жылды 1 наурыз күні қарсы алатын болған. Ал ағылшындар XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 наурызда тойлап келді.
Наурыздың басқа атаулары қандай?
Последние статьи автора