Мұрынның қанын қалай тез тоқтатуға болады?
Соңғы уақытта мұрным жиі қанайтын болып жүр. Қанды қалай тез әрі дұрыс тоқтатуға болады?
Нұржан ЕРКІНБЕК, Қаратау қаласы
Дәрігерлердің пікіріне жүгінсек, мұрынның қанын тоқтату барысында адамдар ең көп жол беретін қателік – науқасты шалқасынан жатқызу болып табылады. Мұндай жағдайда мұрыннан, әрине, қан ақпайды. Сөйтіп, мүлде тоқтаған сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл – алдамшы көрініс. Әдетте, қан аға береді, яғни науқас оны ішіне қарай жұтады. 90 пайыз жағдайда қанды тоқтату қиын емес, тек дұрыс әрекет ету керек. Мысалы, мұрны қанай бастағанда-ақ науқасты ыңғайлап отырғызып, басын артқа қарай сәл ғана шалқайту керек. Сутек тотығына немесе фурацилинге мақтаны батырып алып, кішкене сығып жіберіп, қанап тұрған мұрын қуысына қою керек. Мұрынның жоғарғы бөлігін бас бармақпен ішке қарай қатты басып, бірнеше минут ұстап тұру керек. Ал маңдайға суық суға батырылған орамал басқан жөн. Көп жағдайда осындай шаралардан соң мұрынның қаны тоқтайды.