Мұрағаттық анықтаманы қалай алуға болады?
Мұрағаттан қажетті құжаттар мен мәліметтер алудың қандай тәртібі бар?
Рабат ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ, Ақмола облысы
Кез келген Қазақстан азаматы мұрағаттардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді алу үшін мұрағаттардың ұсынатын мемлекеттік қызметіне жүгіне алады. Сұрау салып, өтініш білдірген азаматқа мұрағаттық анықтама беріледі. Мұрағаттық анықтама – заңдық күші бар және оның негізінде құжатты іздеудің деректерін көрсете отырып сұратудың пәні туралы құжаттық ақпаратты қамтитын мұрағаттың ресми құжаты болып табылады. Мұрағаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі негізінен мына талаптар бойынша жүргізіледі:
• Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі қоса берілетін өтініш;
• Үшінші тұлғалар туралы дербес деректері бар мәліметтер алу үшін қосымша өтінушінің өкілетін растайтын құжаттар беріледі;
• Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті барлық құжаттар тапсырылған соң, өтінушіге мемлекеттік мұрағат мекемесінің атауы, лауазымы, өтінішті қабылдап алған қызметкердің аты-жөні, оны қабылдау уақыты көрсетіліп, өтініштің қабылданғаны туралы талон беріледі;
• Мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме, мұрағаттық үзінді өтінушіге жеке қабылдау кезінде беріледі, болмаса, пошта арқылы жіберіледі;
• Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға сұрау салуды орындау үшін қажетті мәліметтердің болмауы негіз болып табылады.