Біз, мұнайшылар, қыркүйек айында мұнайшылар мерекесін тойлаймыз. Бірақ әр жылдары әр кезде. Жалпы, осы мұнайшылар күнін ресми түрде бекіткен мемлекет бар ма?
Мұрат ҚОСАН, мұнайшы
Арыға бармай-ақ, Каспий жағалауындағы мемлекеттерді алатын болсақ, Әзірбайжан ғана мұнайшылар мерекесін белгілі бір күнде атап өтуді заңмен бекіткен. Қазіргі Президент Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2001 жылдан бастап қыркүйек айының 20-сы күні ресми түрде тойланады. Бұл күні әзірбайжандық мұнайшылар жұмыс істемейді. Қазақстан мен Ресейдің мұнайшылары кәсіби мерекелерін қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтеді. Түрікменстанда бұл мейрам мұнай-газ, энергетика және геология салалары қызметкерлерінің күні болып қыркүйектің екінші жексенбісінде мерекеленеді. Ал Иран Ислам Республикасында мұнайшылардың күні деген жоқ. Олар 19 наурызды мұнай өндірісінің мемлекетке қайтарылған күні деп атайды.
Мұнайшылардың ресми мерекесі бар ма?
Последние статьи автора