Мүгедектер жұмысқа қалай орналастырылады?
Қолымда мүгедек балам бар. Жасы 27-де, жұмыссыз. Еліміздің мүгедектерді жұмыспен қамту ісі жөнінде білгім келеді.
Айман ДАРЫНҚЫЗЫ, Тараз қаласы
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік ) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 3 пайыздық көлемде квота бөледі. Жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөліп, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтайды. Сондай-ақ мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған. Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің құқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісімшартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келісімінсіз жүзеге аспайды. Егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.