Мотоцикл айдауға қанша жастан бастап рұқсат етіледі?
Ұлымның жасы 15-тен асты. 16-ға екі айдан соң толады. Ол мотоциклді жақсы жүргізеді, бірақ біз рұқсат бермей жүрміз. Дәл қазіргі мезгілде оның көшеде мотоцикл айдауына бола ма?
Сағира АЛТЫНБАЕВА, Алматы қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитеті мамандарының айтуынша, мотоцикл, мотороллер және басқа да мотокөлік құралдарын («А» санаты) басқару құқығы 16 жасқа толған адамдарға ғана беріледі. Қаншалықты тәжірибесі болғанына қарамастан, бұл жасқа толмаған балалардың мұндай көлікті жүргізуі заңсыздық болып саналады. Ал 18-ге толғандарға массасы 3500 келіден аспайтын, орын саны сегізден көп емес автокөліктерді («В» санаты) және рұқсат етілген массасы 3500 келіден асатын автокөліктерді («С» санаты) басқару құқығы ғана беріледі.