Моралите деген қандай термин? Интернет бетіндегі әдеби шығарманы талдаған бір мақаладан кездестіргеніммен, мағынасын түсіне алмадым.
Гүлжан СӘРСЕНОВА, Алматы
Французша morality, латынша moralis сөзі ХV-ХVІ ғғ өріс алған батыс-еуропалық театрдағы ғибратты аллегориялық жанр. Ол сахнаға арналған өлең айту түрінде өсиет айту, діни және философиялық тақырыпта жазылған. Бұл шығармаларда жағымсыз іс-әрекет сыналып, ізгілік пен қайырымдылық мадақталады. Морелитенің бас кейіпкерлері – адамды өз уысынан шығармау жолында өзара қақтығысқан қайырымдылық пен зұлымдықты көрсететін аллегориялық бейнелер. Францияда пайда болып, кейін Англия, Испания, Италия, Голландия, Нидерланды т.б елдеріне тарады. Аллегориялық кейіпкерлер М.Сервантес пьесаларында бой көрсетті. Бұл жанрды кез келген кейіпкердің қабылдауы қиын. Барлық мақсаты ақты ақ, қараны қара деуге негізделген жанрдың өміршең болуы да осы қарама-қайшылыққа толы сипатында болса керек.
Моралите деген қандай термин?
Последние статьи автора