Қазақстан Миграция бойынша халықаралық ұйымға мүше-мемлекет болып санала ма? Бұ ұйым қашан құрылды және мақсаты қандай?
Дариға НИЯЗОВА, Батыс Қазақстан облысы
Миграция бойынша халықаралық ұйым (МХҰ) - [International Organisation for Migration] – 1951 жылы құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым, штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. Алғашқыда Еуропадағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету мақсатында құрылып, Еуропадағы көші-қон мәселесі бойынша Үкіметаралық комитет деп аталды. 1980 жылы оның қызметі Еуропаның аумағынан кеңейген кезде көші- қон мәселелері бойынша Халықаралық ұйым аталды. Бұл ұйымның басты мақсаты – әр тараптың мүддесіне сай миграцияны басқару, елдердің ерекше мұқтаждықтарын ескере отырып халықтың реттелген көші-қонын қамтамасыз ету; заңсыз көші-қонды болдырмау; адам саудасына қарсы тұру, мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы мақсатында білікті адамдар ресурсын қайта бөлу; мәжбүрлі қоныс аударушыларды ұйымдасқан түрде көшіру; үкіметтерге және үкіметтік емес ұйымдарға тәжірибе және ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде МХҰ-на 126 мемлекет мүше, 17 мемлекет бақылаушы дәрежесінде және бүкіл әлем бойынша 100 миссиясы жұмыс істейді. Қазақстан бұл ұйымға мүше-мемлекет болып табылады. МХҰ бюджеті мүше- мемлекеттердің жыл сайынғы жарналарынан және қоғамдық ұйымдардың ерікті және аймақтық жарналардан құралады. Жалпы, МХҰ өз қызметі аясында шамамен 11 млн мигранттарға көмек көрсетті.
Миграция бойынша халықаралық ұйым немен айналысады?
Последние статьи автора