Мешіт салған меценаттар кімдер?

Халқымыз дінге бет бұрған заманда мешіт салып, халықтың ризалығына бөленген, сауапқа кенелген меценат-саясаткерлердің қатары көбейіп келеді. Оларға Алла разы болсын! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, олардың аты-жөнін ел білсе деп едік.

Қарлығаш Әйтенова, зейнеткер

Қарапайым пенде ретінде Алла алдындағы парызын орындап, күнге шағылыстырып мешіт күмбездерін көтерген азаматтар туралы толығырақ мәлімет алу үшін ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбекке хабарласқан едік.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде 68 мешіт болса, бұл күндері 2330-ға жетті. Осындай игілікті істерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап, жер-жерде облыс әкімдері, кәсіпкерлер, қалталы азаматтар ислам дінінің өркендеп, мешіттердің көбеюіне атсалысты. Бұрындары арабиялық, түркиялықтардың демеушілігімен бой көтерсе, мешіттердің көпшілігін өзіміздің қаракөз азаматтарымыз салып, ел игілігіне жаратты. Олардың барлығының есімдерін атау мүмкін емес, қай-қайсысына да алғысымызды білдіреміз. Кезінде Алматы облысы, Алматы қаласының әкімі болған Шалбай Құлмаханов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыбалды, Амангелді Ермегияев, Мақсұт Нәрікбаев, Жүрсін Ерман секілді қолы ашық азаматтар өздері туып-өскен өңірлерде мешіт салып, имандылықты насихаттауда зор үлгі көрсетіп жүр. Кәсіпкер Өмірзақ Сәрсенов мырзаның мешіттің барлық коммуналдық төлемақысынан бастап, керек-жарағы, қарауылына дейін өзі қамтамасыз етіп отырғанын айта кеткім келеді. Кейбір кәсіпкерлер казиноға миллиондап қаржы төккенше, сауап алып, елдің разылығына жеткізетін күмбезді мешіттер тұрғызып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Оңғар қажы Өмірбек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста