Мемлекеттің ұлттық қуаттылығы деген не?

Саяси және экономикалық әдебиеттерде «мемлекеттің ұлттық қуаттылығы» ұғымы көп қолданылады. Мемлекеттің ұлттық қуаттылығы деген не?
Жеңіс,
Талдықорған
Ұлттық қуаттылық туралы айтатын болсақ, ол эко­номика, әскери іс, ғылым мен технологиядағы, білім беру, ресурстар мен олардың өзара әрекеттесуіндегі қуаттылық жиынтығын білдіреді. Ұлттық қуаттылық ұғы­мына қатысты Батыс ғалымдарының тұжырым­дары бар. Мәселен, АҚШ ғалымы А.Теллистің ой­ын­ша, ұлт­тық қуаттылық кез келген тәуелсіз мемлекет­тің қолда бар барлық ресурсты пайдалана отырып, басқа ел­дерге ықпал етудегі стратегиялық қабілеті бо­лып саналады. Ал Х.Моргентау ұлттық қуаттылық эле­мент­теріне мынаны жатқызды: география, табиғи ре­сурстар, өндіріс әлеуеті, әскери дайындық, жергі­лікті халық, ұлттың мінез-құлқы, ұлттың рухы және басқару сапасы. Экономика ғылымының докторы Арыстанбек Қайырбековтің пікірінше, ұлттық қуаттылық: эконо­микалық ресурстар, қаржы ресурстары, саяси тұрақ­ты­лық, білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, адам капиталы, оның ішінде ұлттық мораль мен ұлттық рух, территория, табиғи ресурстар және әлем­дік мұхитқа шығу жолы, басқару, әскери ресурс­тар және дағдарысты ахуалдарда мемлекеттің өмір сүру қабілеті, дипломатиялық және басқа да ықтимал ресурстарды ұтымды пайдаланып, ұлттық мүдделерді басқа елдерде жүргізу және халықаралық қауымдас­тыққа үлес қосу қабілеттіліктері болып табылады. Қуат­тылық бойынша дүниежүзі мемлекеттері төрт топ­қа бөлінеді: 1) аса қуатты держава елдері (АҚШ); 2) дәстүрлі держава елдері; 3) өңірдегі қуатты елдер; 4) шағын елдер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста