Мемлекеттік рәміздерді ғимараттарда орналастыру тәртібі қалай болады? Оны орналастырудың өзіндік ерекшеліктері бар ма?
Мейрам Сарыбаев, Алматы
Рәміздерді қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.02.10. № 873 «Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Гимнді орналастыру Ережесі» Қаулысында және ҚР ББ 989-2008 көрсетілген, орналастыру үшін техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асады. Мемлекеттік Ту ғимаратқа кіреберіс маңдайшада немесе төбесінде орналастырылады, ашық ауада ұшсыз Ту қолданылады. Мемлекеттік Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында орналастырылады, Елтаңбаның көлемдісін орындау қолданылады. Бір қабатты ғимаратта. Тудың көлемі: 1х2м (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады), Елтаңба диаметрі: - 500 мм (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады). 2-5 қабатты ғимараттарда (20 метрге дейін). Тудың көлемі: 1х2 м (ғимараттың төбесінде орналастырылады) Елтаңба диаметрі: 1-ден 1,5 метр (соңғы қабаттың жабу деңгейінде орналастырылады). 6-9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда. Ту (1,5х3м-ден 2x4м дейінгі өлшеммен) ғимараттың төбесінде орналастырылады; Елтаңба диаметрі: 2м (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) – 500 мм диаметрмен (ғимараттың кіреберіс маңдайшасында орналастырылады). 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда. Тудың көлемі 2x4м немесе одан жоғары өлшеммен (ғимараттың төбесі деңгейінде) немесе 1х2м өлшеммен (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада) орналастырылады, Елтаңба диаметрі 3м немесе одан жоғары (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) немесе 500 м диаметрмен (ғимараттың кіреберіс маңдайшасында) орналастырылады.
Мемлекеттік рәміздер қалай орналастырылады?
Последние статьи автора