Медаль алу үшін қандай құжаттар қажет?
Отбасында алтыншы сәби дүниеге келер болса, анаға «Күміс алқа» беріле ме, ол үшін қандай құжаттар жинау керек?
Лаура ЕРМАҒАНБЕТОВА, Ақтөбе облысы
ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, алты баланы дүниеге әкеліп, бағып отырған аналар «Күміс алқа» медалімен, жеті және одан да көп баласы бар аналар «Алтын алқа» медалімен марапатталады. Бұл медальдардың иесіне ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Биыл бұл жәрдемақының көлемі 10386 теңге болды. Медальдарды алуға құжат тапсыру үшін тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе бөліміне хабарласу қажет.
Қажетті құжаттар:
1. Ананың жеке бас куәлігі;
2. Ананың орден кітапшасы;
3. Үй кітапшасы;
4. 16 жасқа толған барлық баланың жеке бас куәлігі;
5. Барлық баланың туу туралы куәлігі;
6. Әр баланың тұратын жерінен анықтама (жұмыс, мектеп, тұрғылықты жері);
7. Қыздарының некеге тұру туралы куәлігі.
Барлық құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі керек.