Пошта маркаларының отаны қай ел? Ол не үшін қажет?
Серік Құныпияұлы, Алматы облысы
Пошта маркасы – белгілі бір номиналды құнға ие ұлттық пошта ведомстволары шығаратын арнайы белгі. Пошта арқылы жіберілетін хатқа немесе затқа марка жапсырылса, демек, пошта ведомствосының ақылы қызметі төленді дегенді білдіреді.
Маркада номиналдан басқа марканы шығарған пошта администрациясының атауы, сондай-ақ түрлі символдар, декоративті элементтер мен суреттер болады. Әлем елдері арасында өз атауын пошта маркасында көрсетпейтін жалғыз мемлекет – Ұлыбритания.
Себебі Англия ең алғашқы болып 1840 жылдың 6 мамырында пошта маркаларын шығара бастаған болатын. Мұндай маркалар халық арасында бірден таралып кетті. Кейіннен Дүниежүзілік пошта одағы әр елдің маркаларына бірдей талап қойып, әр эмитент-мемлекет өз атауын маркаларында көрсетуді міндеттеді.
Ал Ұлы- британия тұңғыш марканың отаны болғандықтан, мұндай міндеттеуден босатылған.