Өзім коньки тебе алмасам да, мәнерлеп сырғанау спортын бала кезімнен сүйіп тамашалаймын. Ақ Азиаданы да сол үшін асыға күткенмін. Білейін дегенім, бір кездері осы мәнерлеп сырғанау қысқы емес, жазғы олимпиадалық ойындар қатарына енген дейді, рас па?
Жанаргүл, Астана қаласы
Олимпиадалық спорт түрлерінің тарихына арналған еңбектердегі мәліметтерге қарағанда, өткен ғасырдың басында мәнерлеп сырғанау спорты, шынымен де, жазғы олимпиада ойындары бағдарламасына енген. Ал мұзайдындағы көркем спорттың өз тарихы ежелгі дәуірлерден бастау алады. Еуропаның аумағынан археологтер көне заман адамдары жануарлардың тұяғын аяғына байлап сырғанағанын айғақтайтын дәлелдер тапқан болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, мәнерлеп сырғанау спорттың бір түрі ретінде мойындалды. 1908 жылы жазғы олимпиаданың, 1924 жылдан бастап қысқы олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енді. Күрделі координациялық қимылдардан тұратын спорт түрі ерлер, әйелдер, жекелей сын, жұптық өнер, спорттық, топтық болып бес дисциплинаға жіктеледі.
Мәнерлеп сырғанау жазғы спорттық ойын саналған ба?
Последние статьи автора