Мен 2012 жылдың желтоқсан айында 53 жаста 8 баламен көпбалалы ана ретінде зейнеткерлікке шықтым. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілім 17 жыл болды. Маған 8000 теңге зейнетақы тағайындапты. Осы дұрыс па?
Тәттігүл НӘДІРБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер жасына байланысты зейнетақыны толық көлемде 53 жасқа толғанда және 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда алуға құқылы. ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлеміне құқығы болмаған жағдайда, яғни 53 жасқа толып, бірақ еңбек өтілі 20 жылға жетпегенде, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындалады. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшерінің жартысын құрайды. Сонымен, еңбек кітапшаңыздағы өтіліңізге балаларыңызды үш жасқа дейінгі жұмыс істемеген мерзімде туып-баққан уақытыңыз түгел қосылады. Сіздің жағдайыңызда еңбек өтіліңіз 20 жылға толмағандықтан, жасыңызға байланысты жәрдемақы тағайындалған.
Қазіргі таңда сіздің әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 19 908 теңге төленуі тиіс (жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы – 9330 теңге, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған көпбалалы анаға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 578 теңге).
Ал жасыңыз 58-ге толғанда жәрдемақының орнына толық емес көлемде жасыңызға байланысты зейнетақы төлемін алуға құқығыңыз бар.
Көпбалалы аналарға зейнетақы қалай төленеді?
Последние статьи автора