«Көпбалалы ана» деген куәлікті қайдан алуыма болады?

«Көпбалалы ана» деген куәлікті қайдан алуыма болады?

Төртінші балам дүниеге келді. Осыған орай «көпбалалы ана» деген куәлікті қайдан алуыма болады? Көпбалалы аналарға қандай жеңілдіктер бар? Төрт балаға көпбалалы ана ретінде жәрдемақы беріле ме?
Бағлан,
Алматы қаласы
Сарапшы маманның мәліметіне қарағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көпбалалы отба­сы­ларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары барлардың балалары кәмелеттік жасқа толғаннан оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқы­ғы бар. Көпбалалы аналарға берілетін мемле­кет­тік арнаулы жәрдемақы 3,9 айлық есептік көрсет­кіш немесе 6 876 теңге мөлшерінде.
Аталмыш жәрдемақыны алу үшін төмендегі тізім­де көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімшесіне тапсыру қажет: 1) арнайы үлгідегі өтініш (орталық бөлімшесінен беріледі); 2) жеке басын куәландыратын құжат; 3) өтініш беру­шінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекен­жай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауыл­дық әкiмдердiң анықтамасы; 4) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлі­мінде оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) – бала­лардың туу туралы куәліктері, отбасының құрамы туралы анықтама, сонымен қатар жыл сайын беріле­тін балалардың оқу фактісі туралы оқу орындарының анықтама­лары; 5) Бала­лар­дың туу туралы куәліктері; 6) Неке туралы куәлік (қажет болған жағдайда); 7) Өтініш берушінің атына банктен жеке шот нөмірі.
Жәрдемақы заңнамамен белгіленген мер­зімде тағайындалғаннан кейін, орталық бөлім­шесінен арнайы үлгідегі кітапша беріледі.
Аталған кітапшаны талап етілген жағдай­ларда көрсетуіңізге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста