Балалар үшін қыстың барлық қызығы мұзайдында ғой. Сырғанап үйренсін деп ұлыма жақында коньки сатып әпердім. Ұзаққа шыдауы үшін оны қалай күту керек немесе қайткенде коньки жақсы сақталады?
Айдар АҚҚОРҒАН, Қарағанды
Коньки жақсы сақталып, ұзаққа шыдауы үшін бірнеше қарапайым шарттың сақталғаны жөн. Біріншіден, іші-сырты ылғалданған жағдайда конькиді батареяда кептіруге болмайды. Өйткені ыстықтан коньки бүлінеді де, онымен сырғанау қолайсыз, тіпті аяқты ауыртатын болып қалады. Екіншіден, сырғанап болғаннан кейін әр жолы конькидің жүзін жақсылап тұрып сүртіп, құрғату керек. Себебі конькидің жауы жүзін тот басуы болып табылады. Кішкентай бір жері тоттанған күннің өзінде коньки нашар сырғанайтын болады және мұның соңы адамның тайып құлап, жарақат алуына ұласады. Конькидің жүзіне дұрыс күтім жасаудың басты шарты – оларды қаптар мен сөмкелерде ұзақ уақыт бойы қалдырмау. Яғни олар конькиді тасымалдауға ғана арналған.
Ал коньки жазда дұрыс сақталуы үшін оның бәтеңкесін аяқкиім кремімен, ал табанын тігін машинасының майымен майлау қажет. Сосын барып қана қағазбен ұқыптап орап, шкафқа салып қойған жөн.
Конькиді қалай күту керек?
Последние статьи автора