Коммуналдық төлемдер өсе ме?

Қазақстанда коммуналдық төлемдердiң бағасы үнемі өсiп келедi. Сонда әр аймақта коммуналдық төлемдер құны неге әртүрлi көлемде? Биыл коммуналдық төлем бағалары қымбаттауы мүмкін бе?
Мейрамгүл Жұмабекова,
Алматы қаласы

Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң дерек­терiне сүйенсек, расымен де, респуб­ли­каның әр аймағында коммуналдық төлем­дердiң бағасы әртүрлi. Мәселен, дәл қазiр бір текше метр ыстық су Ақтөбеде 99 теңге 35 тиын тұрады. Ал Қостанайда – 222 теңге 7 тиын, Шымкентте – 225 теңге 43 тиын, Алматыда тұрсаңыз, ыстық су үшін 237 теңге төлейсiз. Мұны агенттік мамандары әр қаланың климаттық жағдайымен байланыстырады. Жылу жүйесiнiң бағасы да осындай. Талдықорған қаласындағы тұрғындар бір шаршы метрге 26 теңге 27 тиын төлесе, қостанайлықтар 122 теңге 73 тиын төлейдi. Оңтүстiк аймақ жылу жүйесiн бес ай, солтүстiк аймақ жеті ай пайдаланады. Сондай-ақ жарық, көгiлдiр отын бағасы да әр облыстың климаттық ахуалына, өндіріс орындарының ауқымына байланысты әртүрлі бағаланған. Мысалы, Алматыда электр энергиясының тарифi кВт/сағатына – 10 теңге 27 тиын. Ал республикада орташа есеппен электр энергиясының құны – 7 теңге 45 тиын. Мамандар әзірге коммуналдық төлемдер бағасы өспейтінін, баға сол күйінше қалатынын алға тартады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста