«Кока-кола» сусынының адам ағзасына зияндығы туралы жиi естимiз. Осы алкогольсiз газды iшiмдiктiң зияндығын нақтылайтын қандай дәлелдер бар?
Жанат КАТИФОВА, Алматы қаласы
АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақан iшiледi екен. Кейiнгi кезде аталған сусынның адам ағзасына келтiретiн зияны туралы мамандар дабыл қаға бастады. Таяуда «Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашуға мәжбүр болғаннан кейiн мұндай күдiктер тiптi күшейдi. Компания өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге дәлелденiп отыр. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат өмiрiңiздi екi есеге қысқартады. Есесiне «кока-коланы» тот басқан заттарды, айғыздалған әйнектi сүртуге пайдалансаңыз, керегiңiзге жарайды.
«Кока-коланың» құпиясы ашылды
Последние статьи автора