Жер кепкен соң аулама гүл отырғызып, үй маңын жасыл желекпен көркемдесем деп едiм. Бiрақ мұндай iспен айналысып көрмеппiн. Арнайы мамандарды жалдасам, бұл қызметi үшiн қанша ақы алмақ?
Айдар БЕКТЕМБАЕВ, Алматы облысы
Сiздiң сауалыңызға Алматыдағы ландшафтты безендiрумен және көгалдандырумен айналысатын кәсiпорындардың бiрiнiң маманы жауап бередi:
– Ауланы көгалдандыру үшiн алдымен оның жобасы жасалуы қажет. Жасыл желек отырғызылатын аумақ өлшенедi. Тапсырыс берушiнiң сұранысы мен қиялына орай бiздiң қызметiмiздiң ақысы да әртүрлi болады. Мәселен, ауланы кiшiгiрiм ну орманға айналдырып, тiптi сарқырама да жасап берсек, бұл еңбегiмiздiң құны шаршы метрiне 250 долларға дейiн барады. Егер жай ғана көгал төселетiн болса, оның әр шаршы метрi үшiн 1700 теңге аламыз. Төңiрекке әр беретiн декоративтiк ағаштардың құны 5-6 мың теңгеден 96 мың теңгеге дейiн. «Банзай» деп аталатын 25 мың доллардың ағашына тапсырыс бiлдiретiндер де бар. Ескеретiн бiр жайт – ландшафтты дизайн үшiн қолайлы құнарлы топырақты тұрғындардың өзi дайындап бергенi жөн.
Көгалдандыру көп ақша тұрады
Последние статьи автора