Кёрлинг деген қандай ойын?

Кёрлинг деген қандай ойын?

Теледидардан керлинг ойынын жиі көремін. Әу баста түк түсінбей, мүлде қарамаушы едім, кейіннен көретін болдым. Қай елден шыққан ойын? Спортшылар неге таспен қоса сырғанайды? Боулинг шары сияқты неге сермеп жібермейді?
Дәурен НҰРГЕЛДІҰЛЫ,
Алматы
Кёрлинг–Шотландиядан шыққан ой­ын. ХVІ ғасырдан бастап шотландиялық фер­мерлер қыс бойы гранит тастарды көл бетіне қатқан мұз үстімен сырғанатып, сайысқа түскен. «Кёрл» сөзі шотланд тілінен аударғанда, «айналдыру», «шиы­ру» сөздерін білдіреді. Тасты белгілі бағытқа дұрыс айналдырып жібере білу – ерінбей тер төгудің арқасында ғана қол жеткізуге болатын өнер. Бұл – команда­лық (ұжымдық) ойын. Әр команданың сапында төрт адамнан болады. Мұнда тасты лақтырмау керек және итеруге де (сермеуге де) болмайды. Оны тек мұз бетімен сырғанату керек. Бұл ойын – ұзындығы 44,5 метр тік бұрышты мұз айдын үстінде ойналады. Гранит тастың салмағы – 20 келі. Екі команда тастарды қарсы беттегі «үйдің» орталығына қарай неғұрлым жақынырақ орналастыруға тырысады. «Үйдің» орталығына неғұрлым жақынырақ орналасқан тастар ғана ұпай әкеледі. Қалғандары есепке алынбайды. Әрбір спортшы тасты қолына ұстап, тасты тайғанақ мұз бетімен сырғанатып жіберуі керек. Тек аяқпен ғана екпін алуға рұқсат беріледі. Қалған бос ойыншылар тастың жолын ысқылап, мұз бетін өте ұсақ кедергілерден тазартып, оның жылжуына мүмкіндік жасайды. Ысқылаудың өзі толық бір ғылым іспетті. Жалпы, кёрлинг – қара күшті емес, дәлдік пен айла-тәсілді қажет ететін ойын.
Кёрлинг 1988 жылдан бері Олим­пиадалық ойындар бағдарламасына енгі­зілген. Қазақстанда дамытылып, әртүрлі деңгейдегі турнирлер өткізіліп келді. Тек кейінгі екі жылда мұндай турнирлер толыққанды өткізілмей қалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста